28 Мамыр, 2016

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің бұйрығы  №9-3/278

265 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
2015 жылғы 30 наурыз, Астана қаласы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларын бекіту туралы «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1 тармағының 41-1) тармақшасына сәйкес бұйырамын: 1. Қоса беріліп отырған Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидалары бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы құралдары департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен: 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін; 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А.МАМЫТБЕКОВ «КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушы ______________ М.Құсайынов 2015 жылғы 16 сәуір Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы №9-3/278 бұйрығымен бекітілген Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабы 1-тармағының 41-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды (бұдан әрі – дайындаушы ұйымдар) аккредиттеу тәртібін айқындайды. 2. Дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу оларды кейіннен шекті есептелген бюджетке төленген қосылған құн салығы бойынша субсидиялау мақсатында жергілікті атқарушы органдар құзыретінің шеңберінде облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасының (бұдан әрі – басқарма) дайындаушы ұйымдарды есепке қоюы арқылы жүзеге асырылады. 3. Дайындаушы ұйымдар аккредиттеуден өту үшін басқармаға осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеуге өтініш (бұдан әрі - өтініш) береді. 4. Басқарма өтініште қамтылған мәліметтердің толықтығын қарастырғаннан кейін, үш жұмыс күні ішінде дайындаушы ұйымдарды агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдардың тізбесіне (бұдан әрі – тізбе) қосу жолымен есепке қоюды жүзеге асырады. Өтінішті белгіленген нысанда берген жағдайда аккредиттеуден бас тартуға жол берілмейді. 5. Басқарма «Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдар тізбесін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырудың қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 наурыздағы № 17-1/207 (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10924 болып тіркелді) бұйрығына сәйкес тізбені облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының (әкімдіктердің) интернет-ресурсына орналастырады. 6. Дайындаушы ұйым Заңның 16-1-бабы 5-тармағында белгіленген талаптарды бұзған жағдайда, басқарма дайындаушы ұйымды тізбеден алып тастайды. 7. Басқарма үш жұмыс күні ішінде дайындаушы ұйымды тізбеден алып тасталғаны туралы жазбаша түрде хабарлайды. Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеу қағидаларына қосымша Нысан Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы дайындаушы ұйымдарды аккредиттеуге өтініш Кімге:______________________________________________________________ (облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана әкімдіктерінің ауыл шаруашылығы басқармасының атауы) ___________________________________________________________________ ( заңды тұлғаның атауы) аккредиттеу жүргізуді сұрайды ____________________________________ ____________________________________________________________________ (БСН, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу/қайта тіркеу нөмірі және күні) ____________________________________________________________________ (орналасқан мекенжайы) Ұйым басшысы _______________ ___________________________ (қолы) (Тегі, аты және әкесінің аты) мөрдің орыны 20 __ жылғы « __ » __________ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылғы 15 мамырдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №11065 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар